Тоқаев француз халқына көңіл айтты

27 Қыркүйек 2019, 09:01
2019
Бөлісу:
Тоқаев француз халқына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Францияның экс-президенті Жак Ширактың қайтыс болуына байланысты Франция президент Эммануэль Макронға және француз халқына көңіл айтты.

"Францияның экс-президенті Жак Ширактың қайтыс болғаны туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Ол елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың нығаюына елеулі үлес қосқан көрнекті саясаткер. Президент Эммануэль Макронға және бүкіл француз халқына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын", - деп жазды мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Ол кеше қайтыс болды. 86 жасында өмірден өткен Жак Ширак елді 1995-2007 жылдар аралығында басқарған.

Өзгелердің жаңалығы