Тоқаев Францияға мемлекеттік іссапармен барады

31 Қазан 2024, 22:00
910
Бөлісу:
Тоқаев Францияға мемлекеттік іссапармен барады
Фото: Арман Мухатов -архив

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Эмманюэль Макронның шақыруымен 4-5 қараша күндері Франция Республикасына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Сапар барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті Францияның іскер топтарының бірқатар өкілімен кездеседі.

Өзгелердің жаңалығы