Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронға Майотта архипелагында болған жойқын тайфун салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, - делінген Ақорда хабарламасында.
Президент қайтыс болған азаматтардың жақын-жуықтарына олардың қайғысына ортақтаса көңіл айтып, зардап шеккен адамдардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.