Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президентімен кездесті

8 Маусым 2023, 18:40
673
Бөлісу:
Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президентімен кездесті
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысына қатысу үшін Қазақстанға келген Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесу өткізді.

Кездесу барысында елімізде энергетика, көлік-транзиттік тасымал, «жасыл» экономика, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік салаларындағы бірқатар инвестициялық жобаны іске асыру перспективалары талқыланды.

Кездесуде олар Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстандағы қызметінің перспективалары мен алдағы ынтымақтастықтың басым бағыттары жөнінде пікір алмасты.

Бұдан бөлек Президент Eni S.p.A компаниясының бас атқарушы директоры Клаудио Дескальциді қабылдады.

Кездесу барысында компанияның Қазақстандағы қызметіне қатысты мәселелер, сондай-ақ Қашаған және Қарашығанақ кен орындарындағы маңызды мұнай-газ жобаларын іске асыру жоспары қарастырылды. 

Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президентімен кездесті

Қарашығанақта қуаты 4 миллиард текше метр болатын газ өңдеу зауытын салу перспективалары талқыланды.

Өзгелердің жаңалығы