Тоқаев Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады

23 Қазан 2024, 23:50
505
Бөлісу:
Тоқаев Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Анкара қаласының маңындағы TUSAŞ аэроғарыш корпорациясының ғимаратына жасалған лаңкестік шабуыл салдарынан бірнеше адамның қаза табуына байланысты Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Қазақстан бейбіт тұрғындарға қарсы қастандық әрекетті қатаң айыптайды. Осындай ауыр сәтте Сізге және барша түрік халқына, сондай-ақ қайтыс болған азаматтардың жақын туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Марқұмдардың жаны жаннатта болсын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.

Еске салайық, бұған дейін Түркияда теракт болып, 3 адам қаза тапқаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы