Тоқаев ЕҚЫҰ Бас хатшысы Хельга Шмидпен кездеседі

7 Маусым 2023, 09:00
1101
Бөлісу:
Тоқаев ЕҚЫҰ Бас хатшысы Хельга Шмидпен кездеседі
Фото: BAQ.KZ Архив

Бүгін Мемлекет басшысының жұмыс кестесінде бірқатар кездесу жоспарланған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумына қатысу үшін арнайы келген ЕҚЫҰ Бас хатшысы Хельга Шмидпен кездесу өткізеді

Кездесуде ЕҚЫҰ мен Қазақстанның серіктестігін нығайту перспективалары талқыланады.

Мемлекет басшысы ЮНЕСКО-ның бас директоры Одрэ Азулені қабылдайды

Кездесу барысында білім, ғылым, мәдениет салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылады. Былтыр Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына 30 жыл толды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни бастаған делегациямен кездеседі Тараптар сауда-экономика, инвестиция салаларындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі кеңейту мәселелерін талқылайды.

Өзгелердің жаңалығы