Тоқаев: Ел басқаратын Президент құзырлы, күшті болуы керек

30 Қыркүйек 2022, 11:48
1114
Бөлісу:
Тоқаев: Ел басқаратын Президент құзырлы, күшті болуы керек

Мемлекет басшысы келесі жылы Мәжіліс пен мәслихат депутаттары тың тәсіл, яғни аралас жүйе бойынша сайланатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биылғы референдум нәтижесі бағдарымыздың дұрыстығын көрсетті. Жұртшылық Ата заңға ұсынылған өзгерістерді қолдады. Конституциялық реформа саяси жаңғыру жолындағы маңызды қадам болды. Билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік нығая түсті. «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты орнықты. Бұл Президенттік Республика болады деген сөз. Расында, ел басқаратын Президент құзырлы, күшті болуы керек. Әйтпесе, кейбір басқа елдердегі сияқты тәртіпсіздікке ұшырауымыз мүмкін. Ал, ондай жағдай халқымызға қасірет әкеледі. Келесі жылы Мәжіліс пен мәслихат депутаттары тың тәсіл, яғни аралас жүйе бойынша сайланады. Өңір басшылары баламалы жолмен таңдалады. Ауыл әкімдерін тікелей сайлау тәсілі енгізілді. Саяси партияларға заң жүзінде тың мүмкіндіктер берілді. Жұрттың мемлекетті басқару ісіне атсалысуына жол ашылды, - деді ол.

Ол жүргізіліп жатқан барлық реформа елді  әлеуметтік дамуға бағытталғаннын атап өтті.

Конституциялық норманы жеті жылда бір рет сайланатын президенттік мерзімге бекіту мемлекетіміздің келешегі үшін тағы бір маңызды қадам болды. Бұл саясаткерлердің жаңа дәуіріне жол ашатын демократия жолындағы шешуші қадам екеніне сенімдімін. Жалпы, жүргізіліп жатқан барлық реформа елді жан-жақты жаңғыртуға және тұрақты әлеуметтік дамуға бағытталған, - деді Президент.

Өзгелердің жаңалығы