Тоқаев екі министрге сөгіс жариялады

14 Шілде 2022, 11:32
1582
Бөлісу:
Тоқаев екі министрге сөгіс жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялады. 

Президенттің айтуынша, бұрын іске қосылған жеті қант зауытының қазіргі уақытта төртеуі ғана жұмыс істеп тұр. 

Ауыл шаруашылығы министрлігі қызылша қантының үлесін 6 есееге, 2026 жылға қарай 7-ден 43%-ға ұлғайтуды жоспарлап отыр. Алайда соңғы 4 жылда қызылша қантының аумағы үш есеге қысқарған. Біз 90% импорттық қантқа тәуелдіміз. Бұл жерде ЕАЭО аясында шешімге жүгінуге  болады. Бірақ қалай болған күннің өзінде бұл Үкіметтің есептен күрделі жаңылысы, - деп атап өтті Мемлекет басшысы. 

Сонымен қатар ол Үкімет мемлекеттің позициясын қорғамағандығын айтты. 

Демек, мемлекеттің позициясы қорғалмаған. Сондықтан мен министр Бақыт Сұлтанов пен Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялаймын, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Өзгелердің жаңалығы