Тоқаев депутаттарға алғыс айтты

19 Қаңтар 2023, 21:09
1314
Бөлісу:
Тоқаев депутаттарға алғыс айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің депутаттарына алғысын білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Парламент Мәжілісінің жетінші шақырылым депутаттарына Әділетті Қазақстанды құру бағытын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етіп, еліміздің өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешкен, саяси және экономикалық реформаларды жүргізуге белсенді атсалысқан, қоғамдағы тұрақтылық пен заң үстемдігін қамтамасыз еткен табысты жұмысы үшін алғыс айтамын. 

Мәжіліс депутаттары жоғары кәсібиліктің, азаматтардың алдында жауапкершілік және шынайы патриотизмнің үлгісін көрсетті - деп жазды Мемлекет басшысы Instagram парақшасында.

Өзгелердің жаңалығы