Тоқаев: Демонстранттар жауапкершілік танытып, диалогқа дайын болуға тиіс

4 Қаңтар 2022, 12:00
1326
Бөлісу:
Тоқаев: Демонстранттар жауапкершілік танытып, диалогқа дайын болуға тиіс

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құрамында Президент Әкімшілігінің қызметкерлері бар үкіметтік комиссия Ақтауда жұмысқа кірісті. Бұл туралы ҚР Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Құрамында Президент Әкімшілігінің қызметкерлері бар үкіметтік комиссия Ақтауда жұмысқа кірісті. Республикалық оперативтік штаб тұрақты негізде жұмыс істеп жатыр. Комиссияға еліміздегі тұрақтылықты сақтай отырып, туындаған мәселе бойынша өзара тиімді шешім шығару жүктелді. Құқық қорғау органдарына қоғамдық тәртіптің бұзылуына жол бермеу жөнінде тапсырма берілді. Демонстранттар жауапкершілік танытып, диалогқа дайын болуға тиіс», - деді Президент.

 


 

Өзгелердің жаңалығы