Тоқаев бұрынғы және қазіргі білім басшыларының әлеуметтік желідегі тартысын сынға алды

Тоқаев білім саласындағы әлеуметтік желідегі дау-дамайды сынға алды.

26 Тамыз 2026, 13:45
АВТОР
 Ақорда 26 Тамыз 2026, 13:45
26 Тамыз 2026, 13:45
112
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желілерде білім саласына қатысты жиі туындайтын пікірталастарға тоқталды. Мемлекет басшысының айтуынша, бұрынғы және қазіргі лауазымды тұлғалардың арасындағы тартыстар білім беру жүйесінің дамуына пайда әкелмейді. Ол бос сөз бен даңғазаның орнына нақты іске көшудің маңызын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тамыз конференциясында әлеуметтік желілерде білім саласына қатысты жиі туындайтын пікірталастарға тоқталды. 

Көбімізге белгілі, әлеуметтік желіде білім саласына қатысты қызу пікірталастар болып тұрады. Кейде мұндай дау-дамайларға білім жүйесінің бұрынғы және қазіргі лауазымды тұлғалары араласып жататыны көзге түсетін болды. Өкінішке қарай, осындай тартыстар білім саласына пайдасын тигізеді деп айту қиын. Өркениетті пікірталастардың орнына айқай-шу мен даңғазаны тыңдап отыруға мәжбүрміз, – деді Президент тамыз конференциясында.

Тоқаевтың айтуынша, мұндай пікірталастардың түпкі мәнін ұстаздардың өздері де түсіне алмай қалатын жағдайлар бар.

Мемлекет басшысы балалардың болашағына алаңдап, білім беру саласына қатысты орынды ұсыныстар айту мен жеке бедел үшін пікір білдірудің ара-жігін ажырату қажет екенін атап өтті.

Әрине, балалардың болашағы үшін алаңдап, ұтымды ұсыныстар білдіру бір бөлек әңгіме. Ал жанашыр болу үшін емес, жақсы атты болу үшін пікір білдіру – басқа мәселе. Өнбейтін дауды қуып, өрісімізді кеңейте алмайтынымыз анық, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент қазір бос пікірталастың емес, нақты істің уақыты екенін айтты.

Қазір бос бұрыс сөздің уақыты емес, нақты дұрыс істің дәуірі. Осыны ескерген жөн, – деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін Тоқаев білім сапасы төмен өңірлерді атады. 

Наверх