Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін жұмыстан босатылған әкімдерге алғыс айтты. Бұл жайында Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау, Жамбыл, Қызылорда облыстарының әкімдері лауазымында атқарған қызметі үшін Махамбет Досмұхамбетовке, Бердібек Сапарбаевқа, Гүлшара Әбдіқалықоваға ризашылығын білдірді, - делінген хабарламада.