Тоқаев бірқатар мемлекет елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

6 Сәуір 2023, 14:42
1006
Бөлісу:
Тоқаев бірқатар мемлекет елшісінен сенім грамоталарын қабылдады
PHOTO
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тоқаев бірқатар мемлекет елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

«Ақорда» резиденциясында төрт мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті. 

Тоқаев бірқатар мемлекет елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

Сенім грамоталарын Малайзия елшісі Мохамад Адли бин Абдулла, Сауд Арабиясы Корольдігінің елшісі Файсал бен Ханиф әл-Кахтани, Түркия Республикасының елшісі Мустафа Капуджу және Иран Ислам Республикасының елшісі Әли Акбар Джоукар тапсырды. 

Тоқаев бірқатар мемлекет елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

Мемлекет басшысы елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтады. 

Тоқаев бірқатар мемлекет елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев дипломаттар өз міндеттерін орындау кезінде Қазақстан Үкіметі оларға жан-жақты қолдау көрсететінін атап өтіп, еліміздің аталған мемлекеттермен саяси, экономикалық байланыстарды қоса алғанда, барлық салада тығыз қарым-қатынас орнатқан стратегиялық серіктес екенін жеткізді. 

Тоқаев бірқатар мемлекет елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

Сонымен қатар Қазақстан халықаралық ынтымақтастыққа әрдайым ашық екенін айтты. Рәсім соңында Президент елшілердің алдағы қызметіне табыс тілеп, олардың мемлекеттерінің басшыларына ізгі тілегі мен сәлемін жолдады.

Тоқаев бірқатар мемлекет елшісінен сенім грамоталарын қабылдады
Өзгелердің жаңалығы