Мемлекет басшысы БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянды және оның отандастарын Біріккен Араб Әмірліктерінің Ұлттық күнімен құттықтады.
Президент жеделхатта БАӘ-нің экономикасы қарқынды дамыған ел және халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі екенін атап өтіп, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның басшылығымен Әмірліктердің одан әрі өркендей беруіне тілектестік білдірген.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстанның Шығанақтағы басты серіктестерінің бірі саналатын БАӘ-мен берік ынтымақтастық қос халықтың игілігі үшін одан әрі нығая түсетініне сенімді екенін жеткізген.