Тоқаев БАӘ-нің Қазақстандағы елшісін қабылдады

16 Ақпан 2022, 19:19
1373
Бөлісу:
Тоқаев БАӘ-нің Қазақстандағы елшісін қабылдады

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед Әл-Арикиді қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. 

Кездесу барысында Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы стратегиялық серіктестіктің даму перспективалары талқыланды. Маңызды салалардағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыруға баса мән берілді. 

Тоқаев БАӘ-нің Қазақстандағы елшісін қабылдады

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы достық пен өзара тиімді қарым-қатынастарды дәстүрлі түрде одан әрі нығайтуға ниетті екенін атап өтті.

Біріккен Араб Әмірліктерінің елшісі кездесуге мүмкіндік бергені үшін Қазақстан Президентіне ризашылығын білдіріп, өз елінің екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді. 

Өзгелердің жаңалығы