Тоқаев әскердің жаңа қолбасшысын тағайындады

5 Ақпан 2024, 11:30
4163
Бөлісу:
Тоқаев әскердің жаңа қолбасшысын тағайындады
Фото: ortcom.kz

Бауыржан Артықов «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Шұбайұлы Артықов «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды. Сонымен қоса Дәулет Рысқұлбекұлы Оспанов «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы