Тоқаев агроөнеркәсіптік салаға не кедергі келтіретінін айтты

1 Қыркүйек 2023, 11:37
705
Бөлісу:
Тоқаев агроөнеркәсіптік салаға не кедергі келтіретінін айтты
Фото: BAQ.KZ - архив

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы өтіп жатыр.

Агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына елеулі кедергі келтіретін шектен тыс бағаны реттеу мәселесін шешу маңызды. Азық-түлік келісімшарт корпорациясы анағұрлым белсенді тұрақтандырушы рөл атқаруы керек. Қажет болса, ол интервенцияларды жүзеге асырады, осылайша бағаның өсуін тежейді, - деді Президент.

Тоқаевтың сөзінше, Азық-түлік корпорациясы жеке нарыққа ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің, сақтаудың және өткізудің толыққанды желісін құруға көмектесуі керек.

Өзгелердің жаңалығы