Тоқаев әділетті мемлекет болу үшін не істеу керегін айтты

26 Қараша 2022, 11:36
1080
Бөлісу:
Тоқаев әділетті мемлекет болу үшін не істеу керегін айтты

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ұлттың бостандық жолындағы табанды күресінің арқасында Қазақ елі Тәуелсіздігін алды. Егемен мемлекеттің құрылуына, оның іргесін бекіту жолында орасан зор еңбек сіңірген тарихи тұлғаларымызға әділ баға беруіміз керек. Табыстарды және олқылықтарды ажырататын бұл – уақыт және тарих. Уақыт – ең әділ қазы, ал тарих – бәріне таразы. Сондықтан саяси науқаншылыққа жол бермеуіміз қажет, - деп атап өтті Мемлекет басшысы елордада өтіп жатқан Президентті салтанатты ұлықтау рәсімінде.

Айтуынша, әділетті республика болу үшін жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуіміз қажет. 

Біз болашақта әділетті мемлекет боламыз десек, өткенге әділдікпен қарап, одан тағылым ала білуіміз керек. Жақсыдан үйреніп, жаманнан жирену – өсетін елдің белгісі. Керісінше, отаншылдық, еңбекқорлық, білімпаздық, жаңашылдық, жасампаздық, жанашырлық, мейірімділік сияқты асыл қасиеттерді бойға сіңіруіміз қажет. Мен бұл туралы жиі айтып жүрмін, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Еске сала кетейік, елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтті.

Өзгелердің жаңалығы