Тоқаев 69 жасқа толды: президент туралы қызықты деректер

17 Мамыр 2022, 08:07
2796
Бөлісу:
Тоқаев 69 жасқа толды: президент туралы қызықты деректер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні, 68 жасқа толды.  Ол 1953 жылы 17 мамырда Алматыда дүниеге келген. Соған орай, Қазақстанның екінші Президенті туралы қызықты деректер ұсынамыз.

Қасым-Жомарт Тоқаев туған күнін атап өтуді ұнатпайды. Отбасында балалардың да, ата-анасының да туған күнін тойлау дәстүрі жоқ екенін айтқан. Бұл туралы бұған дейін баспасөз хатшысы болған Берік Уәли мәлімдеген еді.

Президенттің есімі әкесінің майданда қайтыс болған Қасым деген ағасының құрметіне қойылған. Ол туралы: «Өзіме қамқор болған ағаның майданда қаза болуы мені шын жетім етті. Оны ұмыта алатын емеспін. Жаңа туған тұңғыш ұлымның Жомарт деген атына Қасым ағамның атын қосып атап жүрмін»,- деп еді. Осы әңгімені көңілі босап, көзіне жас үйіріліп, егіліп айтты. Кейін үйінде болғанда кішкентай Қасым-Жомартты көрсетіп, «Менің ағамның атын қойған ұлым – мынау», деп көрсеткен", – деп жазған әдебиет сыншысы Серік Қирабаев өзінің естелігінде.

Қасым-Жомарт Тоқаев – БҰҰ бас хатшысының орынбасары қызметін атқарған алғашқы қазақ. 2011 жылғы наурыздан 2013 жылғы қазанға дейін БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның орынбасары лауазымын атқарды, БҰҰ-ның Женевадағы Еуропалық бөлімшесін басқарды, қарусыздану жөніндегі конференцияның бас хатшысы болды. 

Мемлекет басшысы қазақ тілінен бөлек, орыс, ағылшын, қытай, француз тілдерін жетік біледі.

Хоббиі – кітап оқу. Мемуарлық, тарихи және көркем әдебиеттерді оқығанды ұнатады.

Өзгелердің жаңалығы