Тоннадан астам марихуана тәркіленді

16 Мамыр 2022, 11:15
1431
Бөлісу:
Тоннадан астам марихуана тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының міндетін атқарушы Асқар Мұхаметқалиев ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде айтты. 

Биылғы 4 айда 918 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 636 есірткі өткізу фактісі және 176 есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау фактісі. Нұр-Сұлтан қаласы және Атырау облысында каннабис тобындағы есіртікілерді  жеткізумен және сатумен айналысқан, екі ұйымдасқан қылмыстық топ қызметінің жолы кесілді, - деді Мұхаметқалиев. 

Ол атағандай, біржарым тоннаға жуық  түрлі есірткі алынды, оның ішінде 1 тонна 137 кг марихуана, 285 кг гашиш және 61 кг синтетикалық есірткі. 

Нұр-Сұлтан (3), Алматы (1) қалаларында, Ақтөбе (2), Алматы (1), Шығыс Қазақстан (2), Жамбыл (1) және Қарағанды (1) облыстарында 11 есірткі зертханасы жойылды. Есірткі өндірісіне қатысқан 15 азамат ұсталды. 56 кг есірткі және 165 литр  прекурсор алынды. Еліміздің жолдарында есірткіге масаң күйде көлік басқарған 423 жүргізуші ұсталды,- деді ол.

Оның айтуынша, елдегі, сондай-ақ бүкіл әлемде есірткіге қатысты жағдай айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Себебі, «дәстүрлі» деп аталатын есірткінің орнын жаңа психоактивті зат басты.

Өзгелердің жаңалығы