«Томирис». Жастарға арналған кинофестиваль басталды

27 Сәуір 2022, 10:52
1356
Бөлісу:
«Томирис». Жастарға арналған кинофестиваль басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы  «Қазылар алқасының төрағасы, кинорежиссер (АҚШ) Сергей Бодров ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

III Халықаралық «Томирис»  студенттік кинофестивалі басталды. 

Мен үшін Қазақстан өте ыстық. Мен еңбек жолымды осы елде бастадым. Қазір шығармашыл, талантты жастарға жол ашу керек. Бұл қазіргі жағдайда өте маңызды бастамалардың бірі болып отыр. Оған үнемі көңіл бөлген абзал. Студенттік кинофестиваль де жастар арасындағы әлеуетті ашып, олардың шығармашылығын дамытуға атсалысу керек, - дед ол.

Бодров шығармашыл жастардың бағын ашуға көмектесу мәртебе екенін айтты.

Өз кезегінде   кинотанушы, өнертану кандидаты Нәзира Мұқышева «Томирис»  студенттік кинофестивалі туралы айтып берді. 

Фестивальдің өтуіне ұйытқы болған Қазақ ұлттық университеті болып отыр. Осыған дейін біз жасөспірімдерге арналған фестиваль өткізген едік. Енді бұл студентікке айналуы фестивальдің нығайғанын көрсетеді. Фестивальге 53 фильм қатысып жатыр. 7 фильм шетелден қосылады, - деді ол. 

Мұқышева атағандай, қазылар алқасы фильмдерді іріктеп, бағасын береді. 

Бүгін фестивальдің екінші күн. Жастарды қолдауға арналған фестиваль екі конкурстан тұрады. Бұл - әлемде бар тәжірибе. Әр кино мектебі өздері іріктеп жібереді. Ал қазылар алқасы ең үздіктерін таңдап алады, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы