Томирис Байсафа ісі. Шенеуніктің ұлына қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды

3 Желтоқсан 2022, 10:48
1157
Бөлісу:
Томирис Байсафа ісі. Шенеуніктің ұлына қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды

Қазақстандық студент Томирис Байсафаның өліміне кінәлі деп танылған дағыстандық шенеуніктің ұлына қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.  

РИА-Новости таратқан мәліметке сәйкес, Муртузали Меджидовті 13 жылға бас бостандығынан айыру туралы сот үкімін Мәскеу қалалық соты өзгерткен жоқ. 

Десек те, сот үкімі екінші реттен кейін барып қана шыққан болатын. Бір жыл ішінде Мәскеу қаласының Никулин сотының алқабилер соты бір жыл бұрын Меджидовты ақтау үкімін күшіне енгізді. Бірақ Мәскеу қалалық соты үкімнің күшін жойып, істі қайта қарауға жіберді. 

Еске сала кетейік, Меджидов 2018 жылы 13 сәуір күні жанжал кезінде бойжеткенді Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтындағы аудиториялардың бірінде төртінші қабаттың терезесінен итеріп жіберген. 14,7 метр биіктіктен құлаған Томирис 3 мамырда Склифосовский атындағы жедел жәрдем ҒЗИ-да қайтыс болды.  

Өзгелердің жаңалығы