«Tomiris» ақпараттық-білім беру бағдарламасы шеңберінде тренинг өтті

15 Шілде 2022, 18:34
2299
Бөлісу:
«Tomiris» ақпараттық-білім беру бағдарламасы шеңберінде тренинг өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін 2022 жылғы 15 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның қолдауымен «Tomiris» ақпараттық-білім беру бағдарламасы шеңберінде 
Нұр-Сұлтан қаласы мен өңірлердегі әйелдер қозғалысының белсенді өкілдеріне арналған алғашқы тренинг бастау алды.

Бағдарлама әйелдер мен қыздардың басқарушылық әлеуеті мен саяси мәдениетін дамытуға бағытталған. 

«Tomiris» ақпараттық-білім беру бағдарламасы шеңберінде тренинг өтті

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі А.С. Данилов семинар қатысушыларын құттықтай отырып «Біздің басты басымдығымыз - барлық қазақстандықтар үшін әділеттілік пен теңдікті қамтамасыз ету. Жоба қалалар, сондай-ақ ауылдардағы табысқа жеткен қыздар мен әйелдерді қолдауға және оларды қоғамдық және саяси өмірге тартуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті.

Бағдарлама міндеттерінің бірі – белсенді әйелдерді нақты оқытуды жүзеге асыру мақсатында әр өңір бойынша өңірлік сарапшылар пулын құру.

«Tomiris» ақпараттық-білім беру бағдарламасы шеңберінде тренинг өтті

Бүгінгі тренингте 40-тан астам әйелдер мен қыздар оқытылады. Тренинг тақырыбы: «Қазақстан азаматтарының гендерлік құқықтары мен бостандықтарын іске асыру қоғамның оң өзгеруінің  шарты ретінде». Оқытуды «Қазақстанның тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері институты» қоғамдық қорының сарапшылары жүргізеді. 

Бағдарлама аясында бірқатар іс-шаралар, оның ішінде көшбасшы әйелдерді оқыту жобасы жоспарлануда. Біз конкурстық негізде барлық өңірлерден 30 көрнекті әйел көшбасшыны таңдап, оларды Нұр-Сұлтан қаласында өтетін оқыту бағдарламасына жібереміз. Оқыту саяси көшбасшылық дағдыларын, білім мен құзыреттілікті дамытуға бағытталады, бұл қатысушыларға әртүрлі деңгейдегі басшы лауазымдарға тағайындалуға немесе сайлануға көмектеседі. Жақында біз осы оқу бағдарламасына өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы жариялаймыз. Алдағы уақытта серіктестерімізбен бірге бағдарламаның ауқымын кеңейтіп, жаңа жобалар мен құрамдас бөліктерін қосатын боламыз, - деді Саяси менеджмент академиясының директоры Данияр Мұқитанов.

«Tomiris» ақпараттық-білім беру бағдарламасы шеңберінде тренинг өтті

«Tomiris» бағдарламасы ұзақ мерзімді негізде жүзеге асырылатын болады. Еліміздің барлық өңірлерінен келген әйелдер мен қыздарды оқыту іс-шараларымен және ақпараттық жұмыспен қамту жоспарлануда. Оның ішінде: гендерлік стереотиптер және бұқаралық коммуникация арналарын қолдана отырып, оларды еңсеру жолдары, гендерлік сезімтал саясатты қалыптастыру, экономика мен инновацияларды дамытудағы әйелдердің рөлі тақырыптары қозғалады.

«Tomiris» ақпараттық-білім беру бағдарламасы шеңберінде тренинг өтті

«Tomiris» бағдарламасын ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен, Конрад Аденауэр қорының және басқа серіктестердің қолдауымен жүзеге асырады.

Өзгелердің жаңалығы