Токиодағы Паралимпиада ойындары: Үш спортшымыз финалға шықты

27 Тамыз 2021, 10:37
2726
Бөлісу:
Токиодағы Паралимпиада ойындары: Үш спортшымыз финалға шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Токиодағы Паралимпиадалық ойындарда қазақстандық үш спортшы финалға жолдама алды.

Бүгін Токиодағы Паралимпиадалық ойындарда қазақстандық спортшылар жақсы нәтиже көрсетіп, 3 спортшы финалға жолдама алды.

Ұлттық Паралимпиада комитетінің мәліметіне сәйкес қазақстандық Сиязбек Далиев Паралимпиада ойындарында 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу жарысында финалға шықты. Далиев іріктеу сынында 35.75 секунд нәтижесін көрсетіп, финалға жолдама алды. 31 жастағы спортшы жалпы есепте төртінші орын алды.

Токиодағы Паралимпиада ойындары: Үш спортшымыз финалға шықты

Финал 27 тамызда сағат 15:25 өтеді.

Сонымен қатар қазақстандық пара жүзуші Алия Рахимбекова 100 метрге шалқалап жүзуден Паралимпиада ойындарының финалына жолдама алды. Финал бүгін сағат 14:06 өтеді.

Ал отандасымыз, пара дзюдошы Әнуар Сариев ширек финалда Монғолияның спортшысын жеңіп, жартылай финалда Венесуэлла дзюдошысымен кездесті. Нәтижесінде спортшымыз финалға жолдама алды. Финал Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 13.00-де болады.

Одан бөлек, Жеңіл атлетикадан 27 тамыз күні әйелдер арасында 100 м қашықтыққа жүгіру бойынша іріктеу кезеңінде Салтанат Әбілхасымқызы тиісті қашықтықты 16.54 уақытта бағындырды. Салтанат жалпы есептік көрсеткіш бойынша тоғызыншы болып жарысты аяқтады.

Өзгелердің жаңалығы