Токио Олимпиадасына ешбір көрермен кіргізілмейтін болды

8 Шілде 2021, 23:39
2364
Бөлісу:
Токио Олимпиадасына ешбір көрермен кіргізілмейтін болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапония үкіметі Токиода 12 шілдеден бастап 22 тамызға дейін төтенше жағдай режимін енгізді, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл ковид-19 індеті таралғалы осы елде жарияланған төртінші төтенше жағдай. 

Жапония үкіметінің мәлімдеуінше, қалада коронавирус жұқтырғандар саны еселеп артқан. Арасында дельта штамына шалдыққандар көп. Токиода 920 адам ковидпен ауырған. Төтенше жағдай режимі 23 шілдеден 8 тамызға дейін Токиода өтетін Жазғы Олимпиада ойындары кезінде де сақталады. Сондықтан ойындар жергілікті көрерменсіз өтеді. Бұл туралы Олимпиада ойындарын өткізуге жауапты министр Тамаё Марукава мәлімдеді.


Өзгелердің жаңалығы