Токио Олимпиадасына арналған Nippon фестивалі өтпейді

22 Сәуір 2020, 07:16
1417
Бөлісу:
Токио Олимпиадасына арналған Nippon фестивалі өтпейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио Олимпиадасына арналған Nippon фестивалі өтпейтін болды, деп хабарлайды Оlympic.kz.

 Токио Олимпиада және Паралимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті Олимпиаданың кейінге шегерілуіне байланысты NIPPON фестивалі аясында өтетін барлық спорттық шараларды тоқтатқан.

Токио Олимпиадасының ұйымдастыру комитеті мен жергілікті билік өкілдері қазіргі жағдайға байланысты осындай шешім қабылдауға мәжбүр болған. Аталған фестивальде ұйымдастыру комитеті, Токио үкіметі мен Жапония бойынша барлық мәдени ұйымдар бірлесе өткізетін жоба болған.

Қазіргі таңда ұйымдастырушылар биыл ысырылған фестивальді 2021 жылы өткізуді талқылап жатыр.

Өзгелердің жаңалығы