Токио-2020: Зульфия Чиншанло қола медаль еншіледі

26 Шілде 2021, 18:39
3537
Бөлісу:
Токио-2020: Зульфия Чиншанло қола медаль еншіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір медальмен толықты.

Бүгін Қазақстанның ауыр атлетика бойынша командасының өкілі Зульфия Чиншанло 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль алды.

Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Қазақстандық спортшы қоссайыс қорытындысы бойынша 213 келіні бағындырды. Ол жұлқа көтеруде 90, серпе көтеуде 123 келіні көтерді. 

Бұл салмақта алтын медальді Филиппин өкілі Хидилин Диас (224 келі) еншілесе, күмісті қытайлық Ляо Кюн (223 келі) иеленді. 

Осылайша Токио Олимпиадасына аттанған екі зілтеміршіміз де қола медаль тағынды. 

Өзгелердің жаңалығы