Токио-2020. Жарыс тәжірибесінің аздығы әсер етті. Бапкер Отгонцэцэгтің жеңілісін түсіндірді

24 Шілде 2021, 09:59
2652
Бөлісу:
Токио-2020. Жарыс тәжірибесінің аздығы әсер етті. Бапкер Отгонцэцэгтің жеңілісін түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэгтің Токио Олимпиадасындағы жеңілісіне байланысты жеке бапкері Olympic.kz сайтына пікір білдірді. 

Маңызды жарысқа бірнеше жаттығу жиындарынан өтіп, жақсы дайындықпен келдік. Алайда, Олимпиада ойындарына дейінгі жарыс тәжірибесінің аздығы бүгін өз нәтижесін көрсетті, - дейді дзюдошының жеке жаттықтырушысы Дашжамцын Энхбаатар. 
Бүгін Токиодағы Олимпиада ойындарында дзюдо бәсекесі басталды. Жарыстың алғашқы күнінде әйелдер арасында 48 келіге дейінгі, ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. 

Әйелдер арасында сынға түскен қазақстандық Галбадрах Отгонцэцэг бірінші кездесуде қытайлық спортшыдан ұтылып қалды.

Өзгелердің жаңалығы