Токио-2020: Ерлан Серікжанов Олимпиаданың II айналымында ұтылды

<p style="text-align:justify;"> <strong>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дзюдодан Токио Олимпиадасындағы екінші жарыс күнінде Қазақстан командасының өкілі Ерлан Серікжанов жеңіліп қалды.</strong> </p>

 25 Шілде 2021, 10:40
25 Шілде 2021, 10:40
3131

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дзюдодан Токио Олимпиадасындағы екінші жарыс күнінде Қазақстан командасының өкілі Ерлан Серікжанов жеңіліп қалды.

Olympic.kz-тің хабарлауынша, 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Серікжанов әлемдік рейтингте екінші орында тұрған италиялық Мануэль Ломбардомен белдескен болатын.

Негізгі уақыттың аяқталуына 12 секунд қалғанда италиялық балуан «ваззари» ұпайын еншілеп, Серікжанов жарыс жолынан шығып қалды.

Осылайша қазақстандық дзюдошы жүлдеден үмітін үзді.

Наверх