Тоқаевтың Жолдауы Ұланбатырда талқыланды

9 Қыркүйек 2021, 21:21
19521
Бөлісу:
Тоқаевтың Жолдауы Ұланбатырда талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшілігінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын насихаттау мақсатында жергілікті БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өтті.

Іс-шараға сарапшылар, Моңғолияның телеарналары, баспа және электронды бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері қатысты.

Брифингтің басында Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Жалғас Әділбаев Жолдаудың негізгі тармақтары мен Мемлекет басшысының пандемиядан кейінгі кезеңде елді одан әрі дамытуға, денсаулық сақтаудың тиімділігін арттыруға, сапалы білім беруді қамтамасыз етуге, өңірлік саясатты жетілдіруге, еңбек нарығында тиімді экожүйені құруға, саяси жаңғыруға, адам құқықтарын қорғауға және қоғамның бірігуіне бағытталған бастамаларына толық түсініктеме берді.

Сонымен қатар, отандық дипломат Жолдауда Қазақстан үшін пайда болған жаһандық пен ішкі қауіптер, сондай-ақ сын-қатерлердің әсеріне терең әлеуметтік-экономикалық, экологиялық және саяси талдау жасалғанын, оларға баға беріліп, осы мәселелерді жеңудің жолдары, нақты шаралары мен механизмдері қамтылғанын атап өтті.

Жолдау моңғол журналистері мен сарапшыларының тарапынан қызығушылық тудырды және олардың пікірінше аталған құжатта ең алдымен Қазақстанның пандемиядан кейінгі кезеңдегі даму сатылары нақтыланған.

Осыған қоса, Ж.Әділбаев брифингке қатысушыларға биылғы жылы Қазақстан ел тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтетінін және осы жылдар ішінде Қазақстан ұлтаралық келісім мен интеграция саясатын жүргізуге, минералды шикізат ресурстарына негізделген тұрақты экономикалық өсуге және тұрақты сыртқы жағдайлар жасауға ұмтылғанын хабарлады.

Моңғол БАҚ өкілдеріне Қазақстанның жанжалдардың алдын алу, оның ішінде терроризм мен экстремизм сияқты жаңа сынақтарға қарсы тұру үшін көпжақты ынтымақтастыққа белсенді түрде қатысатыны туралы ақпарат берілді. Бұл ретте моңғол тарапы Қазақстан Республикасының Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) толыққанды халықаралық ұйымға айналдыру жөніндегі бастамасын қолдайтынына, сондай-ақ ү.ж. қазанда өтуі жоспарланған АӨСШК Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына тиісті деңгейде моңғол тарапының қатысатынына үміт білдірілді.

Бұдан басқа, Қазақстан Елшісі Президент Қ.Тоқаевтың бастамасымен адам құқығын қорғау және «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес дамыған демократиялық қоғам құру бойынша жүргізіліп отырған елдегі саяси реформалар туралы қысқаша айтты.

Баспасөз брифингінің қорытындысы бойынша қазақстандық-моңғол қарым-қатынастарының дамуы туралы интерактивті пікірлер алмасуға мүмкіндік болды.

Өзгелердің жаңалығы