Тоқаев: Жолдауда айтылған бастамаларды Ұлттық кеңес аясында қарастыру қажет

6 Қыркүйек 2019, 11:09
2175
Бөлісу:
Тоқаев: Жолдауда айтылған бастамаларды Ұлттық кеңес аясында қарастыру қажет

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы өтіп жатыр. Отырысқа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық етуде.

«Біз елімізді жаңғырту жоспарын әзірлеуіміз керек. Кез келген бастама талқыланып, халықтың қолдауына ие болуы тиіс. Сондықтан менің Қазақстан халқына Жолдауымның негізін қоғамдық мәселелер құрады. Жолдауда айтылған бастамаларды Ұлттық кеңес аясында қарастырып, дамыту қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін Президент жанындағы Ұлттық кеңестің алғашқы отырысы басталғаны жайлы хабарлаған болатынбыз.

Еске салсақ, 2 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы Жолдауын жариялаған еді.
Өзгелердің жаңалығы