Тоқаев жауапкершілігі төмен Ұлттық компаниялар мен мемлекеттік органдардың басшылары туралы айтты

1 Қыркүйек 2021, 11:41
2633
Бөлісу:
Тоқаев жауапкершілігі төмен Ұлттық компаниялар мен мемлекеттік органдардың басшылары туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

Мемлекеттің экономикаға шамадан тыс қатысуы оның өсімі мен бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді. Жемқорлық пен заңсыз бұрмалаушылыққа алып келеді. Мемлекеттік кәсіпкерліктер бұрынғыдай көп секторда басымдыққа ие. Монополиялық жеңілдіктерге ие болып жатыр. Мемлекеттік басқару тұжырымдамасында квазимемлекеттік секторды қысқартып, оның тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету қарастырылған. Реформалар бойынша жоғарғы кеңес әртараптандырудың жаңа жоспарын әзірледі, - деді ол.

Президент өзге де мәселелер бар екенін айтты.

Жеке ұлттық компаниялар мен мемлекеттік органдар шығынға батып, жұмыс істеп жатыр. Ал олардың бірінші жетекшілері жауапкершілікке тартылмайды. Үкімет осы мәселені реттеуі керек, - деді Тоқаев.

Айта кетейік, Президенттің Жолдауы барлық республикалық телеарна мен негізгі радиостансалардан онлайн көрсетіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы