Тоқаев жалғызбасты ата-аналардың қашықтан жұмыс істеу құқығын енгізу керегін айтты

16 Қараша 2021, 16:22
960
Бөлісу:
Тоқаев жалғызбасты ата-аналардың қашықтан жұмыс істеу құқығын енгізу керегін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында айтты.

Мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі ана мен бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып есептеледі. Көп жағдайда әйелдер ерлерге қарағанда жұмыс пен бала тәрбиелеуді бірге алып жүреді. Егер ана декретке шықса, өздерінің қабілеті мен тәжірибесін жоғалтып алады. Әйелдер осыдан еңбек нарығында бәсекеге қабілеттігін жоғалтады. Ал жалғызбасты ата-аналарға бұл істі ұйымдастыруда ерекше қиындық туындайды, - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы атап өткендей, оларға ерекше еңбек жағдайын қарастыру керек.

Заңнамалық деңгейде жалғызбасты ата-аналардың қашықтан жұмыс істеуі мен қысқартылған жұмыс істеу құқығын енгізу керек. Көп шетелдік елде жұмыс мекемелерінде балаларға арналған бөлмелер бар. Осы тәжірибені бізде де енгізу керек. Осы орайда еңбектің өнімділігіне әсер етпеуді де қамтамасыз ету керек, - деді Мемлекет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы