Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының сессиясына қатысады

2 Желтоқсан 2020, 09:36
1147
Бөлісу:
Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының сессиясына қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 15.00-де Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының төрағалығымен видеоконференция форматында өтетін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады. 

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. 
Саммит барысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері жөнінде пікір алмасып, Ұйымның биылғы жұмысындағы басым бағыттардың жүзеге асырылуын қорытындылайды және алдағы кезеңге арналған жоспарын айқындайды. Мемлекет басшысы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымындағы әріптестеріне Ұйымның жұмысы жөніндегі өзекті мәселелер бойынша еліміздің ұстанымын жеткізіп, оны әрі қарай дамыту үшін бірқатар ұсыныс айтады деп жоспарлануда, - деп жазды ол.
Жиын қорытындысы бойынша ҰҚШҰ-ның тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар құжат қабылданады деп күтілуде.
Өзгелердің жаңалығы