Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жиынына қатысады

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;Ертең Мемлекет басшысы&nbsp;Қасым-Жомарт Тоқаев&nbsp;Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 6-отырысына қатысады.&nbsp;</h4>

 15 Қараша 2021 2021, 14:01
15 Қараша 2021 2021, 14:01
1106

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 6-отырысына қатысады. 

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тағы парақшасында жазды.

Жиын барысында Президенттің Ұлттық кеңес аясында бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы, сондай-ақ ҰҚСК мүшелерінің қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелері жөніндегі ұсыныстары талқыланады деп жоспарлануда. Отырыс Кеңестің өңірлердегі мүшелерінің қатысуымен онлайн форматта өтеді - деді ол.

Президенттің баспасөз қызметі 15:00-де Facebook-тағы AkordaPress парақшасы арқылы ҰҚСК жиынынан тікелей көрсетілім ұйымдастырады.

Естеріңізде болса, бұған дейін Ұлттық кеңес отырысы өтетіні туралы хабарлаған болатынбыз.

Наверх