Тоқаев Ұлттық геологиялық қызмет құруды тапсырды

1 Қыркүйек 2021, 11:34
3535
Бөлісу:
Тоқаев Ұлттық геологиялық қызмет құруды тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

Инвесторларды геологиялық ақпаратқа қолжетімділігін арттыру керек. Ол үшін геологиялық ведомстволар жанынан тиімді Ұлттық геологиялық қызметті құру керек. Ол монополист ұйымға айналмауы керек. Ол инвенсторларға кешендік және қызметтік қолдау көрсетуі керек. Кен өндіру саласы жаңа импульсті қажет етеді. Ұлттық жоспар аясындағы реформаларды соңына дейін жеткізу керек, - деді ол.

Тоқаев геологиялық ақпарат туралы ашық ақпараттық база құру қажетін айтты.

Ол ақпаратқа инвесторлардың қолжетімділігін арттыру керек. Кен бұл ұлттық жетістік. Оларға қолжетімділікті кабинеттерде шешуді заңсыз деп тану керек. Бұл мәселеге қатысты құзырлы органдар бақылауды жүргізуі керек, - деді Тоқаев.

Айта кетейік, Президенттің Жолдауы барлық республикалық телеарна мен негізгі радиостанциялардан онлайн көрсетіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы