Тоқаев Тәжікстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

5 Шілде 2021, 19:36
2461
Бөлісу:
Тоқаев Тәжікстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәжікстан тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлады Ақорда. 

Әңгімелесу барысында екі ел Президенттері Ауғанстандағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Орталық Азия аймағындағы ахуал жөнінде жан-жақты пікір алмасты.

Қазақстан Президенті Тәжікстанмен арадағы достық қатынастардың мызғымастығын нақтылады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 19-20 мамырда Душанбеге жасаған сапарының барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды Қазақстанның орындайтынын және бауырлас тәжік халқына берілетін көмекті жалғастыра беретінін айтты.

Мемлекет басшылары аймақтағы ахуал жайында өзара ақпарат алмасу және іс-қимылдарды үйлестіру мақсатында тұрақты байланыс жасап тұруға келісті.



Өзгелердің жаңалығы