Тоқаев СІМ кеңейтілген алқа отырысына қатысады

17 Қараша 2021, 18:07
754
Бөлісу:
Тоқаев СІМ кеңейтілген алқа отырысына қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысына қатысады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысына қатысады. Жиында Қазақстанның қазіргі жағдайдағы сыртқы саясатының басым міндеттері мен халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері қарастырылмақ. Сондай-ақ еліміздің сыртқы саяси ведомствосы жұмысының қорытындылары мен алдағы жоспары талқыланады - деді Берік Уәли.
Өзгелердің жаңалығы