Тоқаев «Самұрық-Қазына» қорының жаңа басшысын қабылдады

2 Сәуір 2021, 18:59
1851
Бөлісу:
Тоқаев «Самұрық-Қазына» қорының жаңа басшысын қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа қордың жұмысы жайында есеп берілді. Сондай-ақ ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының әлеуметтік орнықтылығын және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге қатысты Президенттің бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндалды, - делінген хабарламада. 

Алмасадам Сәтқалиев Мемлекет басшысына «жасыл экономиканы» дамытуға байланысты салынатын жаңа құрылыс нысандарының жоспары, қор активтерін жекешелендіру мәселесі жөнінде айтты.

Тоқаев «Самұрық-Қазына» қорының жаңа басшысын қабылдады


 

Кездесу соңында Президент «Самұрық-Қазына» қорының стратегиялық дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.


 


 


 

Өзгелердің жаңалығы