Тоқаев Пан Ги Мунмен кездесті

17 Тамыз 2021, 19:04
3792
Бөлісу:
Тоқаев Пан Ги Мунмен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Корея Республикасына жасаған мемлекеттік сапарын Жаһандық жасыл даму институты (GGGI) Ассамблеясының төрағасы, БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесумен түйіндеді.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Тараптар жаһандық климаттың өзгеруі, экономиканы көміртегінен ада ету, «жасыл технологияларды» енгізу мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Пан Ги Мун халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер мен заманауй сын-қатерлер туралы пікір алмасты.

Пандемияға қарсы күресті күшейтуге және Ауған мәселесін реттеудің перспективаларына ерекше назар аударылды.

Өзгелердің жаңалығы