Тоқаев өңір әкімдерін сынап, жаңа тапсырмалар жүктеді

19 Шілде 2021, 15:52
1604
Бөлісу:
Тоқаев өңір әкімдерін сынап, жаңа тапсырмалар жүктеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңесте айтты.

Біздің ең өзекті мақсатымыз – вирустың таралуын тоқтату емес. Әлемдік тәжірибе мұның мүмкін емес екенін көрсетіп отыр. Ең бастысы – аса ауыр науқастардың көбеюін болдырмау, адам өмірін сақтау. Сондықтан, оның бір ғана жолы бар. Бұл – жаппай вакцинация, екпе салу, - деді Тоқаев.

Президент бүгінгі таңда 2,8 миллионға жуық адам иммундау курсын аяқтағанын айтты.

Алайда жақсы динамикаға қарамастан, өңірлер тұрғысынан жағдай өте күрделі. Пандемия аймақ басшылары үшін өзіндік емтихан болды. Бұл емтиханды әкімдердің кем дегенде жартысы «үштікке» тапсырады. Вакцинациямен аз қамтылған өңірлерге әдістемелік көмек көрсету үшін көшпелі бригадаларды шұғыл қалыптастыру керек. Аймақтың ерекшелігін ескеру, көңіл-күйді алдын-ала зерттеу, «температураны» өлшеу өте маңызды, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы