Тоқаев құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

19 Қазан 2020, 16:01
1766
Бөлісу:
Тоқаев құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қазақстан Президенті Twitter-дегі парақшасында жазды.

Еліміздегі құтқарушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Сіздер қиындыққа ұшырағандарға көмек беріп, ерен ерліктің үлгісін көрсетіп келесіздер. Құтқарушылардың түрлі апат салдарын жоюға сіңірген еңбегі зор. Қайта құрылған министрлік қызметкерлеріне табыс тілеймін!, - деп жазды Мемлекет басшысы.
Айта кетсек, «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының құрылымын жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 1995 жылғы 19 қазандағы №2541 жарлығымен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және елдің азаматтық қорғанысы саласындағы уәкілетті орталық атқарушы орган ретінде Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылды.

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетінің құрылған күні азаматтық қорғау жүйесінің кәсіби мерекесі – Құтқарушы күні.

Өзгелердің жаңалығы