Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында айтты.
Қазақстан қос азаматтыққа тыйым салынған елдер қатарына жатады. Оған сәйкес норма біздің Конституциямызда бар. Соңғы кездері қос азаматтығы бар оқиғаларға жиі тап болып жүрміз. Оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер да бар. Оған жол беруге болмайды. Бұл мәселе ұлттық қауіпсіздікке қатысты болғандықтан өте маңызды болып отыр. Мұндай деректерді жою керек, - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы өткен жылғы Жолдауында мемлекеттік қызметкерлер мен квазимемлекеттік басшылар арасында қос азаматтығы барлар кездессе, оларды жұмыстан шығару туралы айтқанын жеткізді.
Үкімет пен Мемлекеттік істер комитетіне жасалған жұмыс бойынша есеп беруін сұраймын. Осындай бұзушылықтар табылған жағдайда жазаны күшейту қажет, - деді ол.Айта кетейік, осыған дейін Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Олег Почиваловтың қос азаматтығы бар екені анықталған еді.