Тоқаев көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды

28 Қаңтар 2021, 17:48
989
Бөлісу:
Тоқаев көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа жаңадан құрылған Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің алдағы жоспарлары, жақында таратылған Қаржы мониторингі комитетінің 2020 жылы атқарған жұмыстарының қорытындылары туралы баяндалды.

Тоқаев көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды

Президентке Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топ шеңберінде Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (FATF) нормаларын іске асыруды өзара бағалаудың екінші кезеңін өткізуге дайындық барысы туралы ақпарат берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жанат Элимановқа көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты күшейтуді, бұл ретте бизнесін адал істеп отырған кәсіпкерлердің мүддесін қорғауды және олардың жұмысына жөнсіз араласуға жол бермеуді тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы