Тоқаев Қазақстандағы интернет жылдамдығының төмендігі туралы айтты

26 Қаңтар 2021, 14:12
2258
Бөлісу:
Тоқаев Қазақстандағы интернет жылдамдығының төмендігі туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы байланыс пен интернеттің сапасын сынға алды.

Халықтың тағы бір проблемасы - интернет жылдамдығы мен сенімділігінің төмендігі. Байланыс операторлары тарапынан тарифтік жоспарлар үнемі жаңарып отырады. Сонымен қатар интернетке қосылу жылдамдығы мен нақты сапасы алдын ала айтылған межесіне маңайламай қалады, - деді Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Ол Үкіметке осы саладағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселесін пысықтауды және олардың арасындағы айтарлықтай сәйкессіздік үшін жауапкершілікті енгізуді тапсырды.

Ол сонымен қатар құжаттарды цифрлық форматқа көшіруді қамтамасыз етуді тапсырды.

Бүгінде азаматтардың 70%-ында смартфондар бар. Ірі банктер мен интернет-сайттар да дәл ұялы байланыс есебінен жедел дамып келеді. Сондықтан бәрі смартфондарға бағытталуы керек. Мемлекеттік органдар барлық негізгі құжатты заңды танудың баламалылығын цифрлық форматта қамтамасыз етуі керек, - деді Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы