Тоқаев: Азаматтарымыз экономикалық өсімнің игілігін сезіне алмаса, одан еш қайыр жоқ

5 Қаңтар 2021, 10:56
1489
Бөлісу:
Тоқаев: Азаматтарымыз экономикалық өсімнің игілігін сезіне алмаса, одан еш қайыр жоқ
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы төртінші онжылдықтың бізге жүктейтін міндеті – қуатты елдің иесі және кемел халық болу. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз мақаласында айтты.

Бұл жолда саяси-экономикалық реформаларды және сананы жаңғырту үдерісін жалғастырып, заман талабына бейімделген ұлттың жаңа болмысын қалыптастыруымыз қажет, - деді Президент.

Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан әділетті қоғам мен тиімді мемлекет құруды көздейді.

Біз әділетті қоғам мен тиімді мемлекет құруды көздеп отырмыз. Кез-келген істе әділдік қағидатын басшылыққа алсақ, бұған анық қол жеткіземіз. Мысалы, тұрғындардың тұрмысын жақсарта түспесек, еліміздің жетістіктері мен халықаралық табыстарын мақтан ету артық. Азаматтарымыз экономикалық өсімнің игілігін сезіне алмаса, одан еш қайыр жоқ. Мен әрбір шешімді қабылдар сәтте осы ұстанымды басшылыққа аламын. Біз халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартумен қатар, барлық азаматтардың мүддесін бірдей қорғаймыз. Менің ұғымымдағы әділетті мемлекет дегеніміз – осы, – деді Мемлекет басшысы өз мақаласында.

Өзгелердің жаңалығы