Тоқаев: Азаматтарды билікке қатысты сыни пікір айту құқынан ешкім айыра алмайды

16 Ақпан 2021, 19:10
3687
Бөлісу:
Тоқаев: Азаматтарды билікке қатысты сыни пікір айту құқынан ешкім айыра алмайды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бас прокуратураның басшылық құрамымен кеңесу барысында айтты, деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли. 

Былтырдан бастап Қазақстанда бейбіт жиындар өткізу туралы мүлде жаңа заң күшіне енді. Егер бұрын қолданыста болған заңда рұқсат алу процедурасы болса, жаңа заңда митинг өткізу туралы хабарласа жеткілікті. Сонымен қатар, ірі қалалардың орталықтарында бейбіт жиындарға, оның ішінде, наразылық акцияларын өткізуге арнайы орындар белгіленген. Бұл біздің қоғамды демократияландыру жолындағы өте маңызды қадам. Бұл саясатты біздің қоғамда ғана емес, шетелдерде де түсіндіруіміз керек. Жиын өткізгісі келетіндер жаңа заңға бағынуға міндетті. Азаматтардың билікке қатысты өз ойын білдіру, сыни пікір айту құқынан ешкім айыра алмайды. Бұл олардың конституциялық құқығы және ол қатаң түрде заң аясында орындалуы керек, – деді Мемлекет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы