Тоқаев Алматы облысындағы жағармай шығаратын зауытқа барды

PHOTO
2527

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына сапары барысында Іле ауданындағы «Лукойл Лубрикантс Орталық Азия» жауапкершілігі шектеулі серіктестінің жағармай шығаратын зауытында болды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Тоқаев Алматы облысындағы жағармай шығаратын зауытқа барды

Мемлекет басшысына жұмыс барысы мен шығарылатын өнімдер көрсетілді. Сонымен қатар, кәсіпорынның қазіргі жұмысы мен технологиялық тұрғыдан жаңғырту жоспары туралы ақпарат берілді.

Зауытты аралап көрген Президент компанияның жұмыстарына оң баға беріп, табысты дами берулеріне тілектестік білдірді.

Тоқаев Алматы облысындағы жағармай шығаратын зауытқа барды

Жобалық қуаты жылына 100 мың тонна жағармай өндіретін зауыт 225 адамды жұмыспен қамтып отыр. Инвестициялық жобаның құны 94 миллион доллар.

Тоқаев Алматы облысындағы жағармай шығаратын зауытқа барды

Тоқаев Алматы облысындағы жағармай шығаратын зауытқа барды

Тоқаев Алматы облысындағы жағармай шығаратын зауытқа барды

Тоқаев Алматы облысындағы жағармай шығаратын зауытқа барды

Тоқаев Алматы облысындағы жағармай шығаратын зауытқа барды

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы