Тоқаев 2025 жылы Қазақстан қалай болатынын айтты

10 Маусым 2021, 17:57
11776
Бөлісу:
Тоқаев 2025 жылы Қазақстан қалай болатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің экономикалық өсу перспективалары туралы айтты.

Әлемдік экономикалық дағдарыс Қазақстанды да аямады. Былтырғы жылы сыртқы сауда айналымы 85 млрд долларды құрап, 2019 жылмен салыстырғанда 13%-ға төмендеді. Сонымен қатар пандемия кезінде Қазақстанның шикізаттық емес тауарлар экспорты 15 млрд долларды құрап, мейлінше аз – 2,8 пайызға қысқарғаны қуантады. Осынау дағдарыс жылында біз 18 млрд доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тарта алдық, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында.  

Мемлекет басшысының айтуынша, былтырғы жылы шетелдіктердің қатысуымен жалпы сомасы 1,6 млрд долларды құрайтын 41 инвестициялық жоба қолға алынған. 

7 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Жаһандық экономика қалпына келген кезде, Қазақстан да өзінің экономикалық өсімін арттырып жатыр. Біздің Үкіметтің болжамына сәйкес, бұл өсу кем дегенде 3,5% құрайды. Дегенмен бұдан жоғары ықтимал қарқын күтіп отырмыз. Біз өңдеу өнеркәсібінің қосымша экспорттық әлеуетін 10 млрд долларға, қызмет көрсету саласының экспорттық әлеуетін тағы 10 млрд долларға бағалаймыз. Орта мерзімді мақсат - шикізаттық емес экспорт көлемін, оның ішінде қызметтерді, 2025 жылға қарай 41 млрд долларға дейін арттыру жоспарланып отыр, - деді Президент.
Бұған дейін Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында өңделген өнім экспортын құру керек екенін айтты.
Өзгелердің жаңалығы