Тоғжанов жанар-жағармай бағасына мониторингті күшейтуді тапсырды

11 Сәуір 2023, 09:00
1238
Бөлісу:
Тоғжанов жанар-жағармай бағасына мониторингті күшейтуді тапсырды
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

Ералы Тоғжанов жанар-жағармай көлемі мен бағасына мониторингті күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен жиында жаңа жылу беру маусымына дайындық, азық-түлік тауарлары мен жанар-жағармай бағасын тұрақтандыру шараларын жүзеге асыру мәселелері қаралды.

2022-2023 жылыту маусымы аяқталуға жақын. Оны өту барысында бірқатар өзекті мәселе анықталды.

Атап айтқанда, маусым басталмай жатып кейбір білім және денсаулық сақтау нысандарында жөндеу жұмыстары аяқталмай қалған. Сондай-ақ, бірқатар ғимараттар дайындық жұмыстары өз деңгейінде жүргізілмегендіктен салқын болған.

Былтырғы жылдың желтоқсан айында облыс орталығындағы 57 бау-бақша ұжымы газ қысымының төмендеуіне байланысты мәселеге тап болды. Бұл мәселені шешу үшін нақты шараларды жүзеге асыру қажет,–деп тапсырды Ералы Тоғжанов.

Осыған орай уәкілетті басқармаларға, Ақтөбе қаласы әкімдігіне алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын мұқият әрі қатаң бақылауға алу тапсырылды.

2021 жылы көппәтерлі тұрғын үйлердің көпшілігі дайындығы туралы куәліктерді уақытылы алмаған, қысымды сынау және ішкі жылумен жабдықтау жүйелеріне профилактикалық қызмет көрсету жұмыстары жүргізілмеген. Аймақ басшысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына, тұрғын үй инспекциясы бөліміне бұл мәселені ерекше бақылауға алып, төлқұжаттар мен уақытылы дайындық актілерін алу жұмыстарын бастауды тапсырды, бұл ағымдағы жылдың шілде айында ПИК-тің таратылатынын ескерсек, өзекті мәселе

Өзгелердің жаңалығы